Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автожолда болған жол-көлік оқиғасынан бір жолаушы көз жұмды

“Самара-Шымкент” автожолында болған жол-көлік оқиғасынан бір жолаушы көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қаңтар күні сағат 08:20-да “Самара-Шымкент” автожолында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Хромтау ауданы Аққұдық кенті аумағындағы тас жолда 35 жастағы “КИА” автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына тиесілі “Уаз” автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде “жедел жәрдем” жүргізушісі мен жолаушы, түрлі дене жарақатымен ОАА қызметкері Хромтау қаласының ОАА жеткізілді. Бірнеше сағаттан кейін “Уаз” автокөлігінің 58 жастағы жолаушысы есін жимастан қайтыс болды.Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті ҚР ЖҚЕ сақтауды, белгіленген жылдамдық пен қозғалыс аралығынан аспауды, жылдамдық режимін сақтауды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру