Азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады
Азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігі елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылдан басталуы тиіс азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылға ауыстырылатынын хабарлады.
- Короновирустық инфекцияның пандемиясына және covid – 19 туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады. Тиісті өзгерістер "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" Заңға енгізілетін болады, - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.