Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қайтыс болған полицейдің отбасы назарсыз қалмады

Шымкентте Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қайтыс болған әріптесінің жанұясын жаңа жыл мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасында жедел уәкіл болып жұмыс атқарған марқұм Талғат Чулдаков өз ісіне жауапкершілікпен және адалдықпен қарап, қылмысты ашуда және алдын алуда өз шеберлігін көрсеткен, кәсіптің қыры мен сырын жақсы меңгерген, қызметті абыроймен атқарған тәртіп сақшысы. 2018 жылы жол-көлік оқиғасында алған дене жарақаттарынан қайтыс болған. Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның басшылары Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Талғат Чулдаковтың отбасына арнайы барып, артында қалған балалары мен жұбайына мерекелік сыйлықтарын тарту етті.

Марқұмның жұбайы: – Еңбекші ауданы Полиция қызметкерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Елеп-ескеріп, еске алып келіп отырғандарына көп-көп рақмет. Арқашанда жақсылық болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Азаматтарымыз қызметтен аман-есен оралсын, – деп полицейлерге алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру