Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келестік полицейлер жолда қалған жүргізушінің көлігін жөндеп, көмек көрсетті

Келестік полицейлер жолда қалған жүргізушінің көлігін жөндеп, көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция қызметінің инспекторлары Данияр Ешенқұлов пен Жандос Полатов өздерінің қызметтік көліктерімен ауылдық округті патрульдеу кезінде мынадай оқиғаға кезікті. Полицейлер жол үстінде “Волга” маркалы автокөліктің бұзылып, жүргізушінің әбігерге түсіп жатқанын байқайды. Осыдан соң полиция қызметкерлері көліктің жанына тоқтап, оны жөндей бастайды. Небары аз ғана уақыттың ішінде жүрмей тұрған көлікті жөндеп, жүргізушіге тапсырады. Белгілі болғандай автокөлік бөлшегі істен шыққан екен.
Яғни полицейлер жақын маңдағы автобөлшек сататын дүкеннен қажетті бөлшекті алып келіп, орнына салып, ауыстырып, көлікті жүргізіп береді. Полицейлердің осындай көмегіне жүргізуші өз алғысын жеткізді.

– Келес өңірінде жолда келе жатыр едім, кенеттен көлігім бұзылды. Жолда тұрғанымды көріп тоқтап көмек көрсеткен мына – Данияр мен Жандос деген полицейлерге рақмет. Жолдарың болсын! Қайда болсаңдарда аман болыңдар, – деп алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру