Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер қайтыс болған әріптесінің жанұясын жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Шымкенттік полицейлер қайтыс болған әріптесінің жанұясын жаңа жыл мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының жеке құрамы Жаңа жыл мерекесіне орай марқұм Ақмарал Кенжебаеваның үйіне барды. Отбасын мерекемен құттықтап, азық-түлік мен сыйлықтар тарту етіп, қаржылай көмек көрсетті.

Марқұмның енесі: – Келіп құремет көрсетіп, балаларды қуанышқа бөлеп кеткені үшін рақмет, халықтың сақшысы сендерсіндер, халықтың тыныштығын сақтайтын, аман болындар, барша Шымкент полицейлерін Жаңа жылмен құттықтаймын, соның ішіндегі Еңбекші ауданының полицейлеріне мың алғысын жеткізді.


2008 жылдан бастап Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ Ақпараттық-аналитикалық тобында жұмыс атқару барысында адалдығымен, қарапайымдылығымен, еңбексүйгіштігімен, кәсібилігімен көзге түскен Ақмарал Кенжебаева әріптестерінің мәңгі есінде болады. 2017 жылы науқастануына байланысты қайтыс болған полицейдің артында сегіз жасар ұлы мен жеті жасар қызы қалған. Қазір оларды әкелері тәрбиелеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру