Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ер азамат үшін мемлекеттің игілігіне қызмет етуден артық бақыт жоқ”

27 жылдан астам өмірін сүйікті ісіне арнаған шымкенттік полицей Талғат Муздыбаев зейнеткерлікке шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің саптық жиынын әдеттегідей бастаған жоқ. Себебі бұл жолы полицейлер 27 жылдан астам өмірін сүйікті ісіне арнаған әріптесі Талғат Муздыбаевтың иығына шапан жауып, құрметті зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

Бала кезінен елін қорғайтын полицей болуды армандаған Талғат Муздыбаев жауапты қызметте абыроймен қызмет атқарған азаматтың бірі. Қоғамдық тәртіпті сақтауда және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде нәтижелі жұмыс көрсеткен қызметкер.
Саптық жиында патрульдік полиция полкі командирының міндетін атқарушы Қ.Сәрсенов жеке құрамның алдында тәртіп сақшысын қала аумағында құқықтық тәртіпті сақтауда, тәжірибесі мен білімімен бөлісіп, жұмыс тиімділігін арттыруға жасаған зор үлесі үшін алғыс білдіріп, денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Талғат Муздыбаев 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында туылған. Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет атқарған. Отбасылық жағдай үйленген, бір ұлы бар. Қазіргі таңда полицейдің әулетінде екі кішкентай немересі өсіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру