Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бәйдібектік полицейлер Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған ер адамды ұстады

Бәйдібектік полицейлер Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы Алмас Серіков пен учаскелік полиция инспекторлары, Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылына қарасты жайылымдық алқаптан қолына бірнеше қызғалдақ алып жүрген ер адамды байқап қалады. Тексеру барысында ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адамның қолындағы гүлдер Қызыл кітапқа енгізілген болуы мүмкін екенін ескерген тәртіп сақшылары, оны Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жеткізді. Алты қызғалдақ айғақты зат ретінде алынып, сараптама тағайындалды. «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесінің анықтамасына сәйкес, аталған алты дана гүл ҚР Қызыл кітабына енгізілген «Грейг» қызғалдағы болып шықты.

Қазіргі уақытта осы жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Экологиялық қылмыстардың жолын кесу бойынша, жедел-профилактикалық іс-шаралар Бәйдібек ауданында тұрақты жүргізіліп тұрады. Сондықтан полицейлер ескертеді: Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген кез келген қызғалдақ түрін жұлған, тасымалдаған, жойған, сатқан, сақтаған, әкеткен азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, өсімдіктер әлеміне келтірген шығынын өтейді. Сол себепті автожолдар бойындағы, тау бөктеріндегі қызғалдақтарды жұлудан аулақ болыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру