Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар психологиялық тренингке қатысты

Ақтөбеде пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар психологиялық тренингке қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Темір аудандық жастар саясаты және дін істері орталығының психолог маманы Аяжан Сағындықова Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Темір аудандық пробация қызметімен бірлесіп, есепте тұрған сотталған азаматтарға психологиялық тренинг өткізді.

“Жақсы көңіл күй – жан қуанышы” тақырыбына арналған психологиялық тренинг барысында Аяжан Сағындықова пробация есебінде тұрған жас азаматтарға “Менің болашағым”, “Балалық шаққа саяхат”, “Менің отбасым” тақырыбында жаттығулар өткізіп, әр азаматтың арман-мақсатына жетуі өзіне байланысты екендігін айтты.

Аталған іс-шара сотталған азаматтарға жақсы көңіл-күй сыйлап, тренингті жүргізген психолог маман сотталған азаматтарға “алдағы күндері қандай да бір психологиялық көмек қажет болған жағдайда қабылдауға дайын екенін” жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру