Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Байқоңырда қос азаматтықпен жүрген әйел анықталды

Байқоңырда қос азаматтықпен жүрген әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шілде айында ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің көші-қон қызметінің қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде белгіленген мерзімде Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны туралы хабарламаған Байқоңыр қаласының 26 жастағы әйел тұрғынын анықтады.

Шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынды, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу тіркелді. Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша 200 АЕК (612 600 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, елде қос азаматтыққа жол берілмейді. “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы” ҚР Заңының 21-бабына сәйкес, басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда көші-қон қызметі бөлімшелерін алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде хабардар ету қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру