Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бала жанашыры Гүлнұр

Әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz сайты өз оқырманын құқық қорғау органдары саласында жұмыс істейтін табысты әйелдермен таныстыруын жалғыстырады.

Бұл әлемде адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ, ал баланың өмірі мен денсаулығы-ең құнды. 

«Балаларға көмек көрсету, қорғау, сақтау және түзетілмейтін әрекеттерден қорғау»міне осындай міндеттерді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  қызметкерлер атқарады. Балалармен жұмыс қалай жүргізіліп жатқаны туралы бізге Гүлнұр Алданова айтып берді.              

Гүлнұр Алданова Ақтөбе  қаласы № 3 қалалық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны ішкі істер органдарында 8 жыл қызмет атқарады. Инспекторға 8-орта мектепбекітілген. Ақтөбе облысының аумағында   жағдайы  төмен 430 отбасы бар  онда орта есеппен 800 ден астам  бала тәрбиеленуде. Жыл сайын 10-ға жуық жағдайы төмен отбасыларды есепке алып, олармен алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

«Бір қарағанда, жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар басқалардан еш айырмашылығы жоқМысалы, бір 9-сынып оқушысы мінезі өзгере бастағанын байқадым. Сонымен қатар, бала мектепке өз үйінен емес, әжесінің үйінен келе бастады. Оны тексерген кезімде, анасы балаларын үш әртүрлі туыстарына тастап, өзі Ақтау қаласына кетіп, сол жерде бір ер адаммен бірге тұрып жатқанын анықтады. Ал күйеуі Нұр-Султан қаласына кетіп қалған. Бір сіңілісі Хромтау қаласында тумаларының үйінде, екіншісі Ақтөбе қаласында. Анасы шілде айында кетіп содан бері оралмаған. Жұмыс жүргізу барысында ол отбасыны есепке қойдым. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясында бұл сұрақты шығардым.  Балаларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына алып кетті. Ата-аналары 127 бап бойынша жауапқа тартылды».-дейді Гүлнұр. Мен отбасын қалпына келтіру мақсатында ата-анаммен алдын алу жұмысын өткіздім Өкінішке орай ата-аналар түзелу жолына түспеген, балаларды қайта тастап , қазіргі уақытта олар  «Балалар мекемесіне»орналастырылды, ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе шешілуде.


Қызмет барысында сан-алуан тағдырлардың куәсі болып жатадя. Алайда, мәселе бала тағдырына келгенде кейіпкеріміз бей-жай қарап қала алмайтынын тілге тиек етті.

Мамандық таңдау-адам өмірінің бір кірпішін  дұрыс қалау  деуге  болады.Бұл аса маңызды қадам. Гүлнұр Алданова бала кезіндегі арманының бірі-полиция қызметкері болу. Асқақ арманының орындалуы, әрине,адамға оңайлықпен келмейді.

-Еліме пайдасы тиер мамандықты таңдадым. Сондай жауапкершілігі көп мамандықты таңдаудан қателеспегеніме сенімдімін және еш өкінбеймін. Мамандықтың бәрі жақсы,ең бастысы өзің дұрыс таңдау жасап,жауапкершілікті сезіне білу керексін. Мен қазіргі уақытта кәмілетке толмаған балалармен жұмыс жасаймын.Балалармен жұмыс жасау қызықты.Өзім ана болғасын балалармен тіл табысу қиын емес.Полицияда қызмет ету-маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс.Иығына пагон тағып,ел тыныштығын сақтап,күн сайын  құқық бұзушылықтардың алдын алу  қылмыстардың ізін суырпай ашу  барынша  зор міндет жүктеледі.Еліміз үшін  адам өмірініңқауіпсіздігі-басты назарда.

Жас маманға мансаптық жолды бастау қиын,ешкім дайын маман болып білімдерімен, біліктерімен және дағдыларымен туылмайды.Полиция кызметкерлеріне қызметтік міндеттерді дұрыс және жауапкершілікпен атқару керек екенін кейіпкер атап өтті. 

Елінің алдында жауапкершілік сезініп, адал қызмет бола білген  Гүлнұрға толағай табыс тілейміз! Отбасына амандық, деніне саулық тілейміз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру