Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Марапат өз батырларын тапты

Ақтөбе қалалық Полиция басқармасында УПП – 6 учаскелік полиция инспекторлары Дастан Сұлтанғалиев пен Серік Кенашқа Бауыржан Момышұлының “Батыр шапағаты” медалін табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы іс-шараның бастамашысы Ақтөбе облысының ауған ардагерлері қоғамы ҮЕҰ Төрағасы
Аслан Балқасымов пен кеңесшісі Абдрашид Абдуллаев.

“Мен 12 шағын ауданда тұрамын, және күн сайын учаскелік инспекторлардың жұмысын көремін, – дейді А. Абдуллаев. – Күндіз- түнI олар кез келген шақыруға келеді, әрдайым үлкендер мен қарт адамдарға көмек көрсетеді, ешқашан азаматтарга дөрекілік танытпай жоғары төзімділікпен қызмет етеді. Менің өзім-бұрынғы отставкадағы полиция қызметкерімін, мен білемін,қызметтерінің қаншалықты ауыр екенін, әсіресе, төтенше жағдай кезінде. Ал, бұл жігіттер кіреберістерді карантинге жабу кезінде өздерін лайықты ұстап, қызметтерін адал орындап, тұрғындардың келген өтініштерін, тіпті міндеттеріне кірмеген өтініштеріне бей-жай қарамады. Сондықтан да біз біздің басшылығымызға, “Ардагер” республикалық қоғамының алдында біздің учаскелік Дастан Сұлтанғалиев пен Серік Кенашты Байұржан Момышұлының “Батыр шапағаты” медалімен марапаттау туралы өтініш жасадық.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру