Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйнегін сындырып, көлік тонап жүрген жастар ұсталды

Алматыда бөтен біреудің көлігін әйнегін сындыру арқылы тонап жүрген жас жігіттер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер оқиға орнында ұсталды. Түнде олар шетелдік көлікті ашуға тырысқан.

“Бір күн бұрын үш жігіт біреудің мүлкін ұрлады. ПД ЖБО-ның “102” пультіне белгісіз біреулер көп пәтерлі үйлердің бірінің ауласында тұрған көліктің бүйір терезесін ауыр затпен сындырып, қолға іліккен заттарды ұрлап кеткендігі туралы хабар келіп түсті. “Буран-049″ патрульдік экипажы қылмыс орнына бірінші болып келіп, аймақты шолу кезінде полиция қызметкерлерін көріп, жасырынуға тырысқан жастарды байқады. Қудалау және одан әрі жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Қазіргі уақытта олардың дәл біздің ауданда жасалған осыған ұқсас 10 ұрлыққа қатысы бар екендіктері анықталды. Күдіктілер қаланың басқа аумақтарында да ұрлық жасаулары мүмкін”, – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру