Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жыл басынан бері 69 қылмыс ашылды

Жедел басқару орталығында жыл басынан бері 69 қылмыс ашылған болса, 9086 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығында үлкен қаланың әр түкпірінде – аулада, көшелерде, қоғамдық орындарда – болып жатқан тыныс-тіршілік көз алдында бейнебақылау камераларымен бақыланады.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы Асқар Кунуспаев жұмысының қырағылықты және психологиялық даярлықты, жауапкершілікті қажет ететіндігін айтады. Ол 2014 жылдан бастап осы орталықта жұмыс атқарады.

– Негізгі міндетіміз – әкімшілік құқықбұзушылықтың, әртүрлі қылмыс түрлерінің алдын алу, стратегиялық обьектілерді назарға аламыз. Төбелес, ұрлық, тонау бола қалған жағдайда, дереу полиция жасағын бағыттау қажет, – дейді тәртіп сақшысы.

Асқар Кунуспаев биыл бейнебақылау камерасы көмегімен ашылған қылмысты айтып берді. Мәселен, 18 мамыр күні Алтынсарин-Жанқожа көшелері бойында 39 жастағы тұрғын 30 жастағы әйелдің “LG” маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін анықталды. Уақытында сол маңға
полиция жасағы жіберіліп, қылмыс ашылған.

Тағы бір жайт, 27 наурыз күні Т.Ахтанов көшесінде тұрғынды пышақпен жарақаттады. Камера көмегімен берілген сипаттамаға сәйкес, қолында пакеті бар күдікті “Қазақстан темір жолы” вокзалы жақтан байқалды. Жарақат алған адамның досы полицияға хабар берді, кейін
полиция жасағымен жолға шықты. Күдікті сол жақтан қашып кетпек болған. Уақытында хабар келгеннен соң, күдікті қолға түсті.

Бейнебақылау камералары Ақтөбе қаласы аумағында бөлінген. Әр полиция бөлімі өзіне тиісті аумаққа жауап береді. Камералар көп қылмыстардың, әкімшілік құқықбұзушылықтар алдын алады. Мысалы, көлік жүргізушісінің белбеу тақпауы, көлік басқарып келе жатып, ұялы
телефонмен сөйлесуі, далада орын алған жанжал-  барлығы да камераға алынады. ЖБО операторы тез арада камераға түсіріп, кейін полиция жасағына хабар береді. Камераға түскен оқиға бір ай сақталады.

Күн сайын “102” телефонына 60-тан аса қоңыраулар келіп түседі. Кейде олардың көбі полиция қызметкерлерінің құзыретіне тиісті емес болып шығады. Мәселен, құбырдың үзілгендігін және оларға сантехник қажет екенін айтады, кейде компьютерлік ойындармен жиі ойнайтын балаларына арызданады. Бірақ “102” операторы полицияға қатысы жоқ болса да, шақыруды қабылдамауға құқығы жоқ. Сондықтан барлық хабарлар тіркеледі және тиісті қызметтерге жіберіледі.

– Төтенше жағдайға байланысты қылмыс азайғанымен, отбасылық жанжалдар жиі орын алады. Қоңырау келіп түскен соң, әлбетте біз профилактикалық әңгіме өткізетін учаскелік инспекторды жібереміз. Егер ата-анасы оқушы жастағы баласына шағымданса, біз кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторына хабарлаймыз, – дейді ЖБО операторы Нұрбек Жүсіпов.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру