Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

100-ден астам шетелдік жауапқа тартылды

Алматыда шетелдіктер 100-ден астам қылмыс жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалада 41 мың 305 шетелдік азамат тіркелген. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 370 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1082 шетелдік.

– Әкімшілік тәртіппен 166 шетелдік азамат елден шығарылды. Сонымен қатар, 57 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 47 миллионнан астам айыппұл салынды, төрт ай ішінде шетелдіктер жасаған 117 қылмыс тіркелді. Қылмыстың көбін Өзбекстан Республикасының азаматтары жасаған. Шетел азаматтарына қатысты 116 қылмыс тіркелді, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру