Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандарға онлайн-дәріс өтті

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеушілер онлайн режимде ислам діні бойынша дәріс алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәрісті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті және облыстық ішкі саясат басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ ұйымдастырды.

Дәрісті өткізудің негізгі мақсаты – сотталғандарға қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу және ислам дінін салт-дәстүрімізбен сабақтастыра отырып түсіндіру.

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық Ақмешіт-Сырдария мешітінің наиб имамы Асқар Жұбанов сотталғандарға “Мұсылмандар арасындағы ынтымақ пен бірлік” тақырыбы аясында насихат жұмыстарын жүргізді. Дәріс барысында адам бойындағы адамгершілік қасиеттер: имандылық, әдептілік, мейірбандық, шыншылдық туралы мағлұмат беріп, пікір алмасып, болған оқиғалардан мысалдар келтірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру