Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Бала және бағдаршам»: Алматы қаласының полицейлері балаларға арналған танымдық бейнеролик түсірді

«Бала және бағдаршам»: Алматы қаласының полицейлері балаларға арналған танымдық бейнеролик түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, 2022 жылы Алматы жолдарында балалардың қатысуымен 822 жол-көлік оқиғасы орын алып, 9 бала қаза тапты, тағы 900-і жарақат алған.

– Алматы полициясы өз қызметінің профилактикалық құрамдас бөлігіне ерекше көңіл бөледі, осыған байланысты ол тұрақты негізде медиа-жобалар – әлеуметтік роликтер, сюжеттер, репортаждар арқылы ең өзекті тақырыптар бойынша бейнероликтер шығарады, олар кейіннен телеарналарда, әлеуметтік желілерде көрсетіледі. Бұл өте нәтижелі, тиімді шара, – деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Алматы қаласы полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды қырағы болуға, балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және жол ережесін бұзбауға шақырады!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру