Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқаш полицейлері есірткі диллерінен 200 грамм «синтетика» тәркіледі

Балқаш полицейлері есірткі диллерінен 200 грамм «синтетика» тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балқаш қалалық полиция бөлімі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында аса ірі көлемде есірткі сақтап, сатты деген күдікпен 23 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Ол тәртіп сақшыларының назарына Балқаш қаласына кіре берістегі дәмханалар маңында ілікті.

Күдіктіге жүргізілген тінту жұмыстары барысында одан шамамен 1 грамм ақ түсті зат тәркіленді. Сондай-ақ полиция қызметкерлері күдіктінің жасырып кеткен жерінен тағы да 200 грамм зат тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттардың эфедрон синтетикалық есірткісі екені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру