Балқаш полицейлері марафондық жүгіру ұйымдастырды
Балқаш полицейлері мерекеге орай марафондық жүгіру ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Балқаш қаласының полицейлері спорттық іс-шара ұйымдастырды.
Үстеріне ақ футболка, қолдарына еліміздің көк байрағын ұстап, қаланың басты көшесімен жүгіріп өткен полицейлерді қала жұртшылығы да қолдады.
- Спорт - денсаулық кепілі. Өскелең ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру - басты міндетіміз, - дейді ұйымдастырушылар.
Айта кету керек жаз басында полиция қызметкерлері бұндай спорттық іс-шараны балалар арасында өткізген болатын.