Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында табиғатты қорғау полициясы сымға оралған бұланды құтқарды

Қостанай полицейлері аң аулау маусымында 30-дан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында аң аулау маусымы 27 тамыздан бастап ашылды.

– Қостанай облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бұйрығына сәйкес полицейлермен бірге аңшылық алқаптарда патрульдеуді жүзеге асыратын 50-ден астам мобильді топ құрылды. Осы уақыт ішінде 652-ден астам аңшы тексеріліп, табиғат қорғау заңнамасына қатысты 31 құқық бұзушылық анықталды, – деді Қостанай облысы ПД Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығы Талғат Ахметов.

Атап айтқанда, анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі аң аулау ережелерін бұзуға және қаруды тасымалдау ережелерін бұзуға жатады.

Мысалы, Меңдіқара-Қостанай тас жолында патрульдік полиция қызметкерлері автокөлік басқарған Қостанай қаласының тұрғынын ұстап, одан қару тасымалдау және сақтау ережелерін бұза отырып тасымалданған тегіс ұңғылы қаруды тәркіледі.

Қабан, борсық және елік аулау осы жылдың қыркүйек айынан бастап ашылатын болады. Полиция қызметкерлері аңшылардың назарын табиғатты қорғау заңнамасының ережелерін сақтау қажеттілігіне аударады.

Сондай-ақ, осы аптада табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Күншаш станциясының жанында теміржол бойында металл сымға оралып қалған бұланды құтқарды. Бұл туралы хабарлама облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының қорықшысы Виталий Ивлевтен түскен. Ол аумақты тексеру кезінде тұзаққа түсіп қалған бұланды байқағанын, оның сымға оралып қалған айтты. Жануарды құтқару үшін ветеринар, полиция қызметкерлері келіп, оны құрсаудан босатты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру