Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық патурльдік полицейлер көлік ұрысын ұстады

Автокөлікті айдап кеткен екі күдіктіні қостанайлық полицейлер жарты сағат ішінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 тамызда сағат 4 шамасында полиция қызметкерлері Ержан Бисембаев пен Ілияс Досаевтың құрамында автопатруль облыс орталығының Қайырбеков көшесінде патрульдеді.

Полицейлер жолда апатты жағдай туындатқан Volkswagen автокөлігін байқаған. Жүргізуші тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талабын елемей, қала көшелерімен жоғары жылдамдықпен жүруді жалғастырады. Көлік Қобыланды батыр көшесіне бұрылып, қараусыз қалған қоймалардың жанында тоқтап қалады. Одан екі жас жігіт шығып, жасырынуға тырысады. 25 және 19 жас аралығындағы жастар ұсталды.

Тексеру барысында қала тұрғындарының Қобыланды батыр көшесіндегі үйдің ауласынан автокөлік ұрлағаны анықталды. Көлік иесіне ұрлық туралы полицейлер хабарлады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автокөлікті заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру