Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқаш полицейлері марафондық жүгіру ұйымдастырды

Балқаш полицейлері мерекеге орай марафондық жүгіру ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Балқаш қаласының полицейлері спорттық іс-шара ұйымдастырды.

Үстеріне ақ футболка, қолдарына еліміздің көк байрағын ұстап, қаланың басты көшесімен жүгіріп өткен полицейлерді қала жұртшылығы да қолдады.

– Спорт – денсаулық кепілі. Өскелең ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру – басты міндетіміз, – дейді ұйымдастырушылар.

Айта кету керек жаз басында полиция қызметкерлері бұндай спорттық іс-шараны балалар арасында өткізген болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру