Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқаш қаласының полицейлері саяжайларға ұрлыққа түскендерді құрықтады

Балқаш қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері саяжай массивтерінде ұрлық фактілерінің жиілеп кетуіне байланысты рейдтер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған шара барысында полиция қызметкерлері қала тұрғындарының саяжайларынан ұрлық жасап жүрген үш азаматты қолға түсірді.

Мәселен, ұсталғандардың бірі болып табылатын 21 жастағы күдікті 16 наурыз күні 42 жастағы қала тұрғынының саяжайының терезесін сындырып кіріп, үйінен электрсымдарын, кабель мен газ пешін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құраған.

Ал 18 жастағы күдікті 16 наурыз күні 64 жастағы зейнеткердің саяжайынан құны 15 мың теңге тұратын қармағын ұрлаған.

Ұсталғандардың үшіншісі болып табылатын 32 жастағы қаскөй 67 жастағы тұрғынның саяжай аумағынан жалпы құны 65 мың теңге болатын темір бұйымдарды ұрлаған.

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру