Балқашта ер адам бөтелкелесінің пәтерінен әйелдің тонын ұрлап кетті
Балқашта ер адам бөтелкелесінің пәтерінен әйелдің тонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 шілдеде 70 жастағы қала ұрғыны Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне жүгінді. Зейнеткер оның пәтерінде белгісіз біреу тон ұрлап кеткенін айтып шағымданған. Келтірілген шығын мөлшері 200 мың теңгені құрайды.
Анықталғандай, жәбірленушінің туысы белгілі бір азаматпен танысқан болып шықты. Ер адамдар алкогольдік сусындар сатып алып, оны зейнеткердің пәтерінде ішкен. Бөтелкелесінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, жәбірленушінің тонын ұрлап алған.
27 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – бұрын құқық қорғау органының назарына түспеген 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта амалдары жүргізіліп жатыр.