Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер бейнекамера арқылы ұрыны анықтады

Шымкенттік полицейлер интернет кабелін ұрлаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында Жібек жолы көшесіндегі интернет кабельдерін түгелдеу барысында 60 метрлі интернет кабелін белгісіз біреу ұрлап кетіп, жалпы құны 200 000 теңге материалдық шығын келтіргенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Шымкент ҚПД жедел басқару орталығының №15331 санды бейнекамерасы арқылы жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру