Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

71 жастағы зейнеткерді тонаған атыраулық тұрғын қамауға алынды

71 жастағы зейнеткерді тонаған атыраулық тұрғын қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 шілде күні сағат 12:00 шамасында белгісіз біреу 71 жастағы зейнеткердің қолынан телефонын тартып алып, оқиға орнынан бой тасалап қашып кеткен. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті азаматты бірден қолға түсірді. Ол 29 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ашық жымқырған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіден айғақ зат тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру