Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тәртіп сақшылары тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмауын ескертеді

Шымкенттік полицейлер тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмауын ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты Шымкент қаласы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері ата-аналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұрайды.

Әл-фараби АПБ Ювеналдық полиция қызметкерлері балалардың терезеден құлап кету жайттарының алдын алу мақсатында көпқабатты үй тұрғындарына арнайы кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында ата-аналарға әсіресе кішкентай балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмау қажеттілігі айтылып, қауіпсіздік ережелерінің жиынтық жаднамасы таратылды. Онда көпқабатты үйлерде кішкентайлардың терезенің алдына шығып алуы, абайсызда құлап кетіп қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін екендігі жазылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру