Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік патрульдік полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтады

Шымкенттік патрульдік полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 28 шілдесінде Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің инспекторлары рейд өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жүргізушілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының санын төмендету. Рейд барысында автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған, жүргізуші куәлігінсіз, мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарған жүргізушілер анықталды.

Терезесі күңгірттелген автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертті.

Жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2 тармағы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша, мемлекеттік нөмірсіз жүрген жүргізушілерге ӘҚБтК-нің 590-бабымен (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру