Бақшасында марихуана өсірген өскемендік ұсталды
Бақшасында марихуана өсірген өскемендік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі сақтады деген күдікпен облыс орталығының 44 жастағы тұрғынын ұстады.
Тінту барысында жасыл-қоңыр түсті өсімдік тектес заты бар картон қорап, 4 полимерлі түйін және өсімдік тектес заты бар 2 газет түйіні табылды және алынды, сонымен қатар қаскөйден салмағы 7500 грамм болатын 39 түп қарасора табылды.
Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, ер адамнан алынған зат салмағы 700 грамнан астам кептірілген марихуана, 2 грамнан астам гашиш болғанын көрсетті.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.