Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бақташы 20 бас малды иемденіп кеткен

Түркістан облысының полицейлері миллион теңгенің малдарын ысырап еткен бақташыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Арызданушы бақташыға сеніп тапсырылған сәуірде түгелдеп, санап тапсырған 1350 бас саулық қойларының ішінен 20 бас малының жоқ екендігін жеткізеді. Аталған арыз Ордабасы АПБ-не тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабымен “Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу” енгізілді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, тексеруді бастап кетті. Ауыл-аймақтың барлық жайылымдық жерлеріне тінту жүргізіп, көрген-білген тұрғындардан жауаптар алынып, сонымен қатар мал базарлар мұқият тексерілді.

Жинақталған ақпарат көздері нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа күдікті Түлкібас ауданының тұрғыны яғни бақташының өзі екендігін анықтады. Тергеу барысында анықталғандай, бақташы қойларды біртіндеп көрші ауылға сатып отырған. Ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Күдіктінің бас шарасы міндеттемемен босатылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының полицейлері мал жайылымында малдарыңызды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ өзіңізге жақсы таныс емес адамға малыңызды сеніп, тапсырмағаныңыз абзал. Ал, бақташыға сеніп тапсырылған төрт түлігіңізді жиі тексеріп, қадағалап тұрғаныңыз жөн. Төрт түлігіңіз жоғалса немесе ұрланса, онда сіз уақыт жоғалтпай шұғыл түрде полицияның “102” нөміріне хабар беріңіз. Бұл қылмыскерлерді ізін суытпай құрықтауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру