Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бас мүфти қаңтар оқиғасында қаза тапқан тергеу изоляторының қызметкерінің жақындарына көңіл айтты

Бас мүфти Талдықорған қаласындағы қаңтар оқиғасында қаза тапқан тергеу изоляторының қызметкерінің жақындарына көңіл айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде қызметтік міндеттерін атқару үстінде қаза тапқан әділет прапорщигі Ержанов Ербол Төлеубекұлының жақындарына көңіл айту үшін арнайы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы келді.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/16 тергеу изоляторының қаза болған қызметкері Ербол Ержанов ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқарды. Ол жас қызметкерлерге тәлімгер болып, екі баланы тәрбиелеп отырған кәсіби, адал қызметкер ретінде көпке үлгі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру