Баспанасыз қалған әйел бейімдеу орталығына орналасты
Шығыс Қазақстан облысында пробация қызметінің инспекторлары баспанасыз қалған әйел адамды бейімдеу орталығына орналастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Шартты түрде сотталған» атты pеспубликалық профилактикалық іс – шарасын өткізу кезеңінде «Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған» санаты бойынша ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Затон ауданы пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайға тап болған, яғни баспанасыз және ақшалай қаражатсыз әйел Л. пробация қызметіне жүгінді.
Пробация қызметінің инспекторы әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасап, оның нәтижесі бойынша сотталған адамды «ШҚО Семей қаласының қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» КММ-не жіберді. Оған бейімдеу орталығында төсек-орын беріліп, тамақтандырумен қамтамасыз етілді, сондай-ақ онымен медициналық қызметкерлер мен психолог жұмыс істейді. Сонымен қатар, жоғарыда аталған әйел «ШҚО Семей қаласы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ жәрдемақыны алу үшін жіберілді.
– Колониядан босатылғаннан кейін тұрғын үйсіз және өмір сүру қаражатынсыз қалған соң, баратын жерім болмады, мен тіпті далада қалдым, өйткені осы уақыт ішінде мен әлеуметтік байланыстарды жоғалтып алып, туған-туыссыз және доссыз қалдым. Мен Семей қаласының Затон аудандық пробация қызметінің жеке құрамына және бейімделу орталығының ұжымына уақытша тұрғын үй алуға жедел жәрдем көрсеткені үшін ризашылығымды білдіремін, – деп сотталған Л. өз ой-пікірлерімен бөлісіп алғысын білдірді.