Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Басшы көпке үлгі болуы керек – Айдар Сайтбеков

ІІМ-де ведомство басшысының орынбасары Айдар Сайтбековтың төрағалығымен орталық аппараттың қызмет басшыларының қатысуымен жиналыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиында Мемлекет басшысының “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” Ұлттық құрылтайының үшінші отырысында берілген тапсырмаларын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ ІІМ-де кадр сапасын арттыру жылы аясында жеке құраммен жүргізіліп жатқан идеологиялық және тәрбие жұмысы қаралды.

– Өздеріңіз білетіндей, министрлікте 2024 жыл кадр сапасын арттыру жылы болып жарияланды. Полиция қызметкері заңды біліп, оны іс жүзінде шебер қолдануы керек. Сонымен бірге оның бойында әділдік, әдептілік, тәртіп пен сыпайылық сияқты адами қасиеттер болуы тиіс. Ал сіздер басшы ретінде бірінші кезекте осы талаптарға сай болып, жас офицерлер үшін үлгі болуларыңыз керек, – деді Айдар Сайтбеков әріптестеріне.

Сонымен қатар Ішкі істер министрінің орынбасары полицияның бірінші басшылары арасында мемлекеттік тілді білу және қолдану деңгейіне ерекше назар аударды.

Тәлімгерлер кеңесінің жұмысы да назардан тыс қалмады. Айта кетейік, министр Ержан Саденовтың тапсырмасы бойынша ведомствода тәлімгерлік институты қайта жанданған болатын. Ардагерлердің бай өмірлік тәжірибесі жас офицерлерді дайындауда маңызға ие екендігі сөзсіз.

Сондай-ақ министрдің орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жеке құрам арасында кітап оқуға деген қызығушылықты оятудың маңыздылығын атап өтті.

– Полиция жұмысы детективтік жанрдағы шығармаларда көрініс табады, сондықтан біз өзімізден бастауымыз керек – деп атап өтті Айдар Сайтбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру