Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Батырдың 110 жылдығын атап өтті

Жамбыл облысы ЖД-158/5 (қоныс колониясы) мекемесінде жазасын өтеушілер арасында “Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім” атты рухани іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін ұлтымыздың қаһарман ұлы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл. Айтулы датаға орай өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 (қоныс колониясы) мекемесінде жазасын өтеушілер арасында “Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім” атты рухани іс-шара өтті. Шара барысында сотталған азаматтар хас батырдың соғыс жылдарындағы ерлігі туралы шығарма жазып, оның қаламынан туып, майдан даласын шынайы суреттеген кесекті дүниелерін оқыды.

Мекеме бастығының орынбасары Айгүл Танашеваның айтуынша, Баукеңнің өсиеттері әрдайым жас буынды мінезді, жігерлі және отаншыл етіп тәрбиелеудің озық үлгісі болып қала бермек.

– Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Сондай тұлғалардың бірі – Бәукең. Бауыржан Момышұлының өмірі – өнеге, жазған мұралары – патриоттық өсиет. Ол мұқалмас ерлік-жігердің, күш-қайраттың, ақыл-парасаттың, ар-ожданның иесі болды. Ол соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы ғана болып қана қоймай, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлермен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, мейірман тәрбиешісі де бола білді. Сол себепті, Отанды сүюдің озық үлгісін көрсеткен Бәукеңнің есімі халқымыз үшін қашанда батырлықтың, қайсарлықтың және ержүректіктің символы болып саналады, – деп түйіндеді А.Танашева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру