Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір күн ішінде 10-нан астам ауыр жүк көлігі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бір күн ішінде 10-нан астам ауыр жүк көлігі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы аумағында жүк автокөліктерінің қозғалысына тұрғындардың тарапынан көптеген шағымдар жиі түсуіне байланысты, жүк көліктермен жасалатын жол белгілерінің талаптарын орындамау, жүк тасымалдау ережелерін бұзу, сондай-ақ, жолдың асфальт жабынын бүлдіру, тұрғын аумақтарда орналасқан үйлердің тұрғындарына қолайсыздық тудыру фактілерінің алдын алу және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, ағымдағы жылдың 05-08 сәуір күндері аралығында қала аумағында “Жүк көлігі” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Шара басталысымен бір күн ішінде 10 жүргізушінің ауыр жүк автокөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық жасағандары анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасақталды.

Мысалы, 6 сәуір күні сағат 12:30 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Атырау-Еркінқала тас жолында “Камаз 53215” маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде жүргізушісі 1965 жылы туған азамат көлік құралының алдыңғы әйнектеріне қара түсті пленка (тонировка) жабыстырғаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабы 5-бөлімімен (Алдыңғы әйнектеріне қара тұсты пленка (тонировка) жабыстырғаны үшін) әкімшілік хаттама жасақталып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа, 6 сәуір күні сағат 16:00 шамасында Азаттық көшесі, Шалқыма сауда үйінің тұсында “Камаз 55111” маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде жүргізушісі 1968 жылы туған азаматтың жол жүрісін реттеу үшін қолданылатын жол белгілерінің және таңбаларының талаптарын орындамағаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 601-бабы 1-бөлімімен (Жол белгісі талаптарын орындамағаны үшін) әкімшілік хаттама жасақталып, 8 751 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, “Жүк көлігі” жедел-алдын алу іс-шарасы 8 сәуірге дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру