Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұры ұрланған көлікпен аударылып қалды

Батыс Қазақстан облысы ПД патрульдік полиция қызметкерлері бір күнде ұрланған екі көлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның бірі 12 наурыз күні таңертеңгі 10-дар шамасында Орал қаласында болды. Соколлинная көшесінің бойында тұрған «Фольсксваген Тигуан» автокөлігін белгісіз біреу айдап кеткен.

Сол туралы хабар алысымен БҚО ПД және Орал қалалық ПБ барлық патрульдік экипажына бағдар береді.

Ұрының ізін суытпай ұстауға тырысқан полиция қызметкерлері 1994 жылғы жігіттен сезіктенеді. Бірақ көлік тізгінінде болған күдікті Самара-Шымкент тас жолының бойында жол сақшыларының тоқта деген белгісіне бағынбай,  жылдамдықты күшейтеді. Тізгінге ие бола алмаған күдікті аударылып қалған.

Екінші ұрлық 25 ақпан күні болған. Орал қаласындағы Жамбыл көшесінің бойында ХҚКО алдында кешкі 5-тер шамасында белгісіз біреу 1992 жылғы азаматқа тиесілі «ВАЗ-2106» автокөлігін мініп кеткен.

Сол көлікті кеше, наурыздың 12-сі күні батальон экипажы 1-саяжай қоғамы аумағында байқап қалады. Іздеудегі көліктің сипатына келетін машинаны сол жерде тоқтатып, Орал қалалық Полиция басқармасына жеткізді. Ұрлыққа қатысы бар күдікті 1994 жылы туған Орал қаласының тұрғыны екен. Қолды болған көліктің екеуі де заңды иелеріне қайтарылды.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес тергеу жүріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру