Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше ұрлыққа қатысты күдікті қамауға алынды

Түркістан облысы полицейлері бірнеше қалта ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында дәріхана қызметін алған азамат, жағдайы жақсы емес екенін айтып, су сұрап, жәбірленуші суға кеткен кезде сөмкесіндегі банкомат карточкасымен, 125 000 теңге ақшасын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы “Ұрлық” бойынша тіркелді.​​​​​​​​​​

Бұдан бөлек, Сайрам аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын, әйел арыз түсірді. Жәбірленушінің айтуынша, ол тіс емханасына келеді, содан киім ілгішке сырт киімімен сөмкесін қалдырып, ем алуға кіріп кетеді. Шыққанында сөмкесіндегі 10 000 теңге ақшасы жоқ болып шығады. Осы жайттар Сайрам аудандық полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. ​​Аталған ұрлық жайттарын ашу мақсатында аудандық полицейлер жедел әрекет етті. Қажетті шараларды жүргізді, куәгерлерден жауап алынды, бейнебақылау камералары тексерілді.Нәтижесінде екі ұрлықты да бір адам жасағаны белгілі болды, күдікті Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерден ұсталды. Ол Қызылорда қаласының тұрғыны болғанымен үнемі әр жерде пәтер жалдап, ұрлық жасап жүрген азамат болып шықты. ​​​​​Күдікті бұрын “Тонау”, “Ұрлық” баптары бойынша 2,5 жылға сотталып келген. Одан шыққаннан кейін де қайта қылмыс жасап, былтыр ұсталған. Жәбірленушілердің кешірім беруімен іс қысқартылған көрінеді. Жеңіл жолмен ақша табуды әдетке айналдырған жас жігіт бұл жылы да қайта қалта ұрлықтарын жасап, Сайрам аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен ұсталды.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктінің облыстың басқа да аудандарында жасаған қылмыстарын анықтауды бастады. Әзірге полицейлердің әрекетімен күдіктінің 10 жайтқа жуық қалта ұрлығын жасағаны анықталды.Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өз құнды заттарыңызға, ақшаларыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше сөмкелеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар, аузын ашық етіп ұстамаңыздар деп кеңес береді. ​​​

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру