Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Абай облысында 2 мыңнан астам жанжалқойға қатысты қорғаныс ұйғарымы шығарылды

Биыл Абай облысында 2 мыңнан астам жанжалқойға қатысты қорғаныс ұйғарымы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылы Қазақстан Президенті халыққа Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде тапсырма берді. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған түзетулер заңды күшіне енді.

Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының қызметкерлерімен құқықтық, психологиялық және консультациялық көмек көрсетуге бағытталған өзара іс-қимыл және бірлескен жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Жыл басынан бастап Абай облысы бойынша 2 716 агрессорға қатысты қорғаныс ұйғарымдары шығарылды, 361 адамға қатысты мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіленді. Қазақстан Республикасының заңнамасына полицияның өтініш берушіден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтаушы сипатына көшуі бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар қабылданған сәттен бастап Абай облысының полиция қызметкерлері 235 факті бойынша жәбірленушінің өтінішінсіз әкімшілік іс қозғады.

Тұтастай алғанда, қоғамда отбасындағы зорлық-зомбылыққа төзбеушілік процесі, ал мемлекет тарапынан жазаның бұлтартпаушылығы қалыптасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру