Биыл Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырылған 33 мас жүргізуші ұсталды
Биыл Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырылған 33 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 шілдеде Байғанин ауданының Ноғайты кентінде мотоцикл тоқтатылды. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылып, мотоциклді алкогольдік күйде басқарғаны анықталды.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруының 33 дерегінің жолын кесті. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 11 қаңтардан бастап күшіне енген заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда көлік құралдарын мас күйінде басқаратын көлік құралдарын басқару құқығынан бұрын айырылған жүргізушілерге қатысты жаза күшейтілген. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізуді не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не көлік басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Осыған байланысты, Ақтөбе облысының полиция департаменті азаматтарға көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде басқармауды ескертеді.