Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда күн сайын 2 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді

Алматыда күн сайын 2 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын хабарланғандай, Алматыда қылмыс 34 пайызға азайды. Сонымен қатар қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар саны – 6,2%-ға, оның ішінде көшеде жасалған құқық бұзушылықтар 26,5%-ға азайды.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы криминогендік жағдайды тұрақтандыру, қылмыстарды ашу, сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау және дер кезінде жолын кесу бойынша жұмыс жақсарды. Қалада барлығы 1844 патрульдік бағыт әзірленді, оның 468-і автомобиль, 1294-і жаяу, сондай-ақ 44 стационарлық полиция бекеті. Айтпақшы, жыл басынан бері полицияның модульдік бекеттерінде қызмет еткен полицейлер 600-ге жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың мониторингі мүліктік қылмыстардың басым екенін көрсетеді. Олардың алдын алу және жолын кесу мақсатында жергілікті іс-шара жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.

Сондай-ақ полицияда қала әкімдігі мен ІІМ қолдауымен полиция бөлімшелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы, бейнебақылау жүйесі жетілдіріліп, полиция қызметкерлерінің жалақысы көтеріліп, сапалы және нәтижелі жұмысқа, сондай-ақ қаладағы қылмыстық жағдайды жақсартуға оң нәтиже бергенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру