Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Біздің отбасымыздың атынан шексіз алғысымызды білдіреміз!»: Ақмола полицейлері отбасыға үйлеріне аман-есен жетуге көмектесті

Ақмола полицейлері отбасыға үйлеріне аман-есен жетуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Айткүл Валиева өзінің «Facebook» парақшасында алғыс сөздерін жазды.

– …Мен халыққа қызмет ететіндердің барлығына алғыс айтқым келеді. Жұмысына адал, нағыз азаматтарды білу керек деп санаймын, – деп әйел өз хатын бастады.

Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында ПД ППР қызметінің инспекторы полицейлер Аслан Сәрсенбаев пен Эльдар Байсейітов «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1320 шақырымында капоты ашық «Шевроле Орландо» маркалы автокөлікті байқаған.

Полицейлер ойланбастан тоқтап, өз көмегін ұсынды. Көліктің қатты аязға байланысты қозғалтқыштан май кеткені белгілі болды. Көлікте осы уақытқа дейін тоңып қалған жүргізушінің әйелі болған. Автордың айтуынша, күйеуі екеуі Қарағанды қаласынан келе жатыпты.

– Жағдайды біліп, бізді жылы көлікке отырғызып, Аршалы ауданының орталығына өз көлігімен алып кетті. Онда көлігімізді жөндеу үшін олар бізге қажет нәрсенің бәрін сатып алуға көмектесті. Күйеуім көлікті жөндеп жатқанда, полиция қызметкерлері барлық уақытта бізбен бірге болып, Нұр-Сұлтан қаласына дейін бірге ілесіп жүрді, – деп атап өтті Айгүл Валиева.

Егер ол әлеуметтік желіде алғыс сөздерімен пост жазбағанда, мүмкін, бұл қарапайым адамның әрекеті туралы ешкім білмес еді.

– …Мен кетіп бара жатып, қызметкерлердің аттарын сұрағаныма өте ризамын. Олар – облыстық ротаның жол полициясының қызметкерлері – Эльдар Байсейітов пен Аслан Сәрсенбаев. Эльдар мен Аслан сияқты ақ жүректі, адал азаматтар көп болсын! Алла қаласа, өмірде тек биіктерден көрінсін! Біздің отбасымыздың атынан шексіз алғысымызды білдіреміз! Үлкен рахмет! – деп жазыпты әйел.

«Facebook»-тің кейіпкерлеріне айналған патрульдік полицейлердің өздері таң қалуда.

– Бұл кез-келген адам тап болуы мүмкін жағдай. Біз адамның көмекке мұқтаж екенін көрдік, сондықтан көмекке келдік. Патрульдік полиция қызметкерлері бірнеше күн бойы жолдармен жүреді және іс жүзінде күн сайын осындай жағдайларға тап болады, көбінесе көлік құралдары бұзылады және бәріне қолымыздан келгенше көмектесуге тырысамыз, – дейді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру