Ақтөбеде «Қауіпсіз жол» шарасы басталды
Ақтөбе облысында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 13-16 қаңтар аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған көшелерде, жолдың жүру бөлігінде және іргелес аумақтарда рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті қыс мезгілінде алыс жолға шығар алдында жүргізушілерді өз автомобильдерінің техникалық жағдайын мұқият тексеруге, рөлге байсалды және тыныққан күйде отыруға, рұқсат етілген жылдамдықтан асырмауға, көлік басқару кезінде алаңдамауға және жолда шыдамдылық пен өзара сыпайылық көрсетуге шақырады.