Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметі көпбалалы отбасыға көмек көрсетті

Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі “Қамқор” еріктілер тобымен бірге 13 бала тәрбиелеп отырған отбасыны қамқорлыққа бөледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аяғын шалыс басқандарға сүйіспеншілік пен мейірімділік танытып, қамқорлық жасау- олардың өмірге деген құлшынысын қайта арттырып, үміт сыйлайтыны анық. Бұл ретте Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Алматы аудандық пробация қызметі пробация есебінде тұрған сотталғандардың өмірге тез бейімделуі үшін әлеуметтік- құқықтық көмектерден бөлек, жан-жақты қолдаулар көрсетуде.

Пробация қызметінің қолдауына ие сотталғандардың бірі – Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінде есепте тұрған 24 жастағы А. есімді сотталған азамат көпбалалы отбасыдан шыққан. Бұл отбасындағы бүлдіршіндердің барлығы дерлік мектеп жасындағы балалар болғандықтан, отбасыға түсетін ауыртпашылықтың салмағы да түсінікті.

Тұрмысы төмен отбасының осындай қиын жағдайын ескерген Алматы аудандық пробация қызметінің аталған отбасыға қамқорлық көрсетуге арналған ұсынысын “Қамқор” еріктілер тобы бірден қолдап, бірінші кезекте тұтынатын азық-түліктер мен отбасындағы әр баланы қыстық киім- кешектермен қамтамасыз етті.

– Көпбалалы отбасыдан шыққан сотталған А.-ның отбасына көмек беру туралы ұсынысымызды қолдағаны үшін “Қамқор” еріктілер тобына ерекше алғыс айтқымыз келеді. Жалпы, мұндай қайырымдылық іс-шараларының мақсаты- қиын жағдайға тап болған сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу, қылмыстың алдын алу болып табылады. Сондықтан, еріктілер тобымен бірлескен осындай іс- шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, – дейді Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің инспекторы Ақмерей Толыбаева.

Өз кезегінде, өмірдің қиын кезеңінде қол ұшын созғаны үшін көпбалалы ана Пробация қызметіне және “Қамқор” еріктілер тобына аналық алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру