Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Рубеж”: Ақтөбеде 6 мың ЖҚЕ бұзушылығы анықталды

“Рубеж” аппараттық-бағдарламалық кешеннің көмегімен алты мың ЖҚЕ бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарының Ақтөбе қаласына кіруін-шығуын бақылау мақсатында қаланың жеті шығу жолына “Рубеж” аппараттық-бағдарламалық кешендері сатып алынды.

Аталған жүйелер мемлекеттік нөмір белгілерін, КҚ маркасы мен түсін автоматты түрде тануға, сондай-ақ жылдамдық режимінің бұзылуын анықтауға арналған.  

Мысалы, 10 қаңтарда түнгі сағат 23-те “Самара-Шымкент” тасжолының Хромтаудан шығатын жолда жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу кезекші жасақ шығып, жаяу жүргіншінің оқиға орнында қайтыс болғаны расталды және жүргізушінің қашып кеткені анықталды.

Аймақты тексеру барысында соққан көліктің шамынан пластикалық бөлшек табылды.

Содан кейін олар барлық жүк көліктерін тоқтатып, жасырынған жүк көлігінің маркасын анықтау үшін табылған бөлшекті көліктердің алдыңғы шамдарымен салыстырып көрді.

Нәтижесінде, жаяу жүргіншіні “Mercedes” жүк көлігі қағып кеткені белгілі болды және барлық жасақтарға жүк көлігін іздеуге бағдар берілді.

Осы уақытта ЖБО қызметкерлері көлік ағынын бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің (КАБАЖ) камералары арқылы қылмыс орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздестіруді бастады.

КАБАЖ аппараты сағат 23:03-те “Mercedes” жүк көлігінің Ақтөбе қаласына келгенін және оның оң жақ шамы нашар жанғанын көрсетті. Сонымен қатар, аппарат көліктің маркасын және мемлекеттік нөмірін де анықтап берді. Аталған автокөлік Алматы облысының аумағында тіркелген. Полиция қызметкерлері іздестіру шаралары барысында көлік иесін анықтап, жүргізушіні ұстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру