Бизнес басшылары жұмыс орындарын ашу мақсатында елорда колониясына барды
Бизнес басшылары сотталғандар үшін жұмыс орындарын ашу мақсатында елорда колониясына барды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Еңбек-Аршалы" РМК филиалындағы объектілерде жұмыс орындарын ұлғайту бойынша пилоттық жоба аясында Аршалы ауданының прокуроры Ж. Бақтияров, прокурордың орынбасары А. Сулейменова, "Енбек-Аршалы" филиалының директоры А. Бақтыбаев Астана қаласы ҚАЖД-ға қарасты №2 мекеме әкімшілігімен бірлесіп мекеме аумағында кәсіпкерлік ашуға қызығушылық танытқан жеке кәсіпкерлерге өндірістік орындармен таныстыру шарасын жүргізді.
Бизнес өкілдері "Еңбек-Аршалы" РМК филиалындағы өндірістермен, кіші және орта бизнес субъектілерінің өндірістік кезеңін аралап шықты.
Таныстыру шарасының басты мақсаты - мекемеде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан сотталғандарды еңбекпен қамтып, өндірістік қуаттылықты арттыру мәселелерін шешу.
Сонымен қатар "Еңбек-Аршалы" РМК филиалының өндірістік аймағындағы бос үй-жайларды болашақта кіші және орта бизнес өкілдеріне жеке кәсіптерін жүргізу үшін жалға беру сұрақтары қарастырылды.
- Бүгінгі таңда мекеменің мақсаты - "Еңбек-Аршалы" филиалындағы өндірістік қуаттылықты арттырып, сотталғандарды ақылы еңбекпен қамтамасыз ету үшін бизнес өкілдерін шақыру, - дейді Аршалы ауданының прокуроры Ж. Бақтияров.