Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полицейлері шетелдік туристерге көмектесті

Қызылорда полицейлері сапар барысында қиындыққа тап болған шетелдік туристерге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етіп қана қоймай, кез келген уақытта көмекке келуге дайын. Бұлай деуімізге себеп, патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқару кезінде қала аумағында көліктерімен жол бойында тұрған шетелдік азаматтарды байқайды.

Қытайдан келген екі отбасы қалаға саяхаттап кірген сәттен навигатор-нұсқаулығында ақау пайда болып, салдарынан сапарларын жалғастыру мүмкін болмаған.

Осындай сәтте тәртіп сақшылары туристерге бағыт-бағдар көрсетіп, навигаторларын іске қосып, жол көрсетіп, көмек көрсетті.

Туристер полицейлерге көрсеткен көмегі мен қамқорлығы үшін алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру