Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Борышкер” атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді

Петропавл полицейлері жол ережесін қайта бұзған борышкердің көлігін айып тұрағына қамады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары ағымдағы жылдың 8 ақпанынан бастап “Борышкер” атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шараны өткізуде. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды, айыппұл төлемеген және сот шешімін орындаудан жалтарған тұлғаларды анықтау мақсатында рейдтік жұмыстарды жүргізуде.

“Борышкер” операциясының басты мақсаты — тәртіп бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, – дейді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов. – Облыс бойынша операцияға жеке құрамның 400 жуық қызметкерлері жұмылдырылды. Деректер базасын интеграциялаудың арқасында, сыртқы бақылау камералары мен интеллектуалды бейне жүйелерді пайдаланып, шетелдік нөмірлерді тануға мүмкіндік туындап отыр”.

Ресейлік нөмірмен “Jeely” автокөлігін тізгіндеген 37 жастағы облыс тұрғыны Жабаев-Строитель көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін тоқтатылды. Кейін анықталғандай, ол өткен жылдың қыркүйек айында дәл осындай бұзушылық жасап, айыппұл төлеуден жалтарған еді және де көліктің сақтандыру полисі жоқтығы анықталды. Заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін автокөлік арнайы тұраққа қамалып, көлік иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 53-бабы “Жол жүрісі қағидаларын  білуін тексеру” бойынша нормасы қолданылып, ол емтихан тапсыруға қайта жіберілді.

Жасұлан Оспанов – “айыппұлды өндіру емес, ең бастысы – көлік жүргізушілерінің тәртібін арттырып, жолдағы жауапсыздықты болдырмау. Айыппұл төлемеген борышкерлерге ерекше назар аударылады, мұндай адамдардың 452-сі анықталды. Петропавлдық тәртіп сақшылары айыппұл және берешекке қатысты барлық мәселелер бойынша Петропавл қаласы ІІБ кеңес алуға болатынын айтады”.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру