Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Борышкер” ЖПІШ: Павлодар облысында борышкерлерден 13 млн теңге өндірілді

“Борышкер” ЖПІШ барысында Павлодар облысында борышкерлерден 13 млн теңге өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында қолданылған жазаларды орындамағаны үшін құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпаушылық қағидатын сақтау мақсатында 4-14 желтоқсан аралығында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары 13 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алды.

– Бүгінгі күні тұрғылықты жері бойынша полицейлер мүдделі органдармен бірлесіп 254 борышкерге барды, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Арнайы тұраққа берешек төлемін елемеген жүргізушілердің 6 көлік құралы қамауға қойылды. Сондай-ақ sms-хабарламалар жіберілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Мысалы, Тереңкөл ауылында патрульдік полиция қызметкерлері Lada Granta автокөлікті тоқтатты, оның жүргізушісінде шамамен 200 мың теңге сомаға өтелмеген әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі болды. Көлік құралы берешегі толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қойылды. 

Полицейлер қарыздың бар-жоғын тексеруге және оларды келесі тәсілдермен төлеуге болатындығын еске салады. Онлайн режимінде электрондық үкімет порталының көмегімен “egov.kz”. Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде мобильді қосымшалардағы интернет-сайттар арқылы онлайн-төлем qamqor.gov.kz, Kaspi.kz, egov.kz. интернет-сайт арқылы айыппұлдарды тексеру кезінде Сіз “айыппұлдарыңыз туралы біліңіз” деген бетбелгіге өтіп, содан кейін көлік иесінің ЖСН енгізіңіз, және фото-бейнетіркеу жүйелерінде тіркелген бұзушылықтар болған жағдайда, осы бұзушылықтардың фотосуреттерін сол жерде басып шығаруға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру