Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Борышкер” ЖПІШ: ШҚО-да “Сергек” АБК 20-дан астам өтелмеген айыппұлдары бар жүргізушіні анықтады

ШҚО-да “Сергек” АБК 20-дан астам өтелмеген айыппұлдары бар жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында “Борышкер” жедел профилактикалық іс-шарасы аяқталды.

Ағымдағы жылдың 9-11 маусым аралығында жүргізілген іс-шара барысында әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған жұмыс атқарды.

Үш күн ішінде 17 млн. теңгеден астам сомаға 1460 қаулы өндіріліп алынды, соммасы 15 млн.теңгеге жуық 1171 қаулы мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберілді, ал мамандандырылған тұраққа қаулыларды орындамағаны үшін 137 автокөлік қамалды.

– Ағымдағы жылдың 9 маусымында тәртіп сақшылары облыс орталықтарының бірінде Риддер қаласының 39 жастағы тұрғынының басқаруындағы TOYOTA көлігін тоқтатты, онда тексеру кезінде төленбеген жалпы сомасы 254 006 теңгені құрайтын “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешенінің 22 ұйғарымы анықталды. Барлық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (Белгіленген жүру жылдамдығын арттыру) бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа қамалды, – деді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары, ШҚО Полиция департаменті айыппұлды төлемеген жағдайда айыппұл салу туралы қаулы мерзімінде мәжбүрлеп орындатуға жіберілетінін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру