Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да ауыр дертке шалдыққан сотталған мерзімінен бұрын босатылды

БҚО-да ауыр дертке шалдыққан сотталған мерзімінен бұрын босатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ең жоғары қауіпсіздік колониясында жазасын өтеп жатқан сотталушы БҚО бойынша Орал қалалық сотының қаулысымен ауыр дертіне байланысты бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден босатылды.

Сотталған А. мекемеге 2017 жылдың мамыр айында келді, осы уақытқа дейін оған мекеменің медицина қызметкерлері барлық қажетті медициналық көмек көрсетті, азаматтық сектордың денсаулық сақтау мекемелеріне шақыру жүзеге асырылды. Алайда дерттің ауырлығын, сондай-ақ осы дерт сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға ұсыну үшін негіз болатынын ескере отырып, РУ 170/3 мекемесінің әкімшілігі БҚО бойынша ҚАЖД-мен бірлесіп, сотталған адамды босату туралы мәселені шешу үшін сотқа ұсыныс жіберді, ол қанағаттандырылды.

Сотталғанды босату туралы сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін ҚР қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес № 2 қалалық емханасына, БҚО бойынша денсаулық сақтау басқармасына, сондай-ақ Зеленов ауданында тұрғылықты жері бойынша тіркелетін болады.

Айта кетейік, соттың жазаны жеңілдетуі, ауыр науқастануына байланысты сотталған адамды бас бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бұрын шығару туралы оң шешім қабылдауы ақтау үкімі болып саналмайды және сотталған адамның соттылығын алып тастамайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру