Алматылықтар бұзақыны тыныштандырған полиция қызметкерлеріне алғыс айтты
Алматылықтар бұзақыны тыныштандырған полиция қызметкерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әл-Фараби даңғылындағы үйлердің бірінің тұрғындары полицияға көмек сұрап жүгінген. Олар төбелес шығарып, өздерін қорқытып жатқан мас көршісінің үстінен шағым түсірген.
– Мас адамның әрекетіне УПП-52 учаскелік инспекторы Асхат Бекзатов пен «Боран» экипажының бастығы Алмаз Сейітмұратов нақты әрі жылдам әрекет етті. Бірнеше минуттың ішінде олар оны залалсыздандырды. Осы қызметкерлердің кәсіби және адами қасиеттерін халыққа, қалалық полицияның басшылығына жеткізуді азаматтық борышым деп білемін. Қол астыңызда осындай қызметкерлердің көп болуын шын жүректен тілейміз, – деді алматылық өз хатында.